19 жасар Дайяна Даренцкая Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Сурет: Instagram/Қазақстан каратэ федерациясы
Қазақстандық каратэші Дайяна Даренцкая Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 68 келі салмақта жеңімпаз атанды. 19 жастағы спортшының бұл – ересектер арасындағы алғашқы үлкен жеңісі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жартылай финалда индонезиялық Аль Хумайра Лубисты тақыр таза жеңді (8:0). Ақтық - шешуші сында Дайяна жапон қызы Кама Цубасаны шаң қаптырды. 

Айта кетсек, Дайяна 2024 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарса, 2023 жылы күміс медальға қол жеткізген.

Бұған дейін Жоламан Биғабыл Өзбекстан астанасы Ташкентте каратэден өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарғанын жазғанбыз.


Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді