Қазақстандық "лаки-лузер" Шевченко "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына өтті

Сурет: ktf.kz
27 мамырда Франция ашық чемпионатында ("Ролан Гаррос") үшінші ойын күнінің матчтары өтіп жатыр. Бұл күні қазақстандық жанкүйерлерді Александр Шевченко қуантты — ол жарыстың негізгі кезеңіне "лаки-лузер" ретінде өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның екінші ракеткасы Шевченко алдыңғы аптада Франция чемпионатының іріктеу кезеңінің финалында жеңіліп қалған еді. Алайда ол негізгі кезеңге "лаки-лузер" ретінде өткен теннисшілердің бірі атанды.

Қазақстандық теннисші жекелей сында бірінші айналымнан абыроймен өтіп, тәжірибелі серб Душан Лайовичті тартысты үш партияда жеңді — 6:2, 6:4, 7:6(4).

Енді Александр екінші айналымда болгариялық Григор Димитров пен америкалық Итан Куинн арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, 27 мамырда Париждегі кортқа Шевченкодан бөлек Александр Бублик, Юлия Путинцева және Анна Данилина (жұптық сын) да шығады.

Ал Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина кеше, 26 мамырда "Ролан Гаррос" турнирін сәтті бастады. Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингіде 202-орындағы аргентиналық, 22 жастағы, іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі Хулия Риерамен кездесіп, 6:1, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін рейтингіде 129-сатыдағы америкалық, 17 жастағы Ива Йовичпен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды