Бублик жайлы кейінгі жаңалықтар: "Уимблдон" қарсаңында не белгілі

Сурет: Instagram/bublik
2025 жылғы 24 маусымда Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ұлыбританияның Истборн қаласында өтетін ATP 250 турниріне қатыспау туралы шешім қабылдады. Әлемнің 30-ракеткасы "Уимблдон" қарсаңында денсаулығына қауіп төндірмеуді жөн көрген, деп жазады Zakon.kz.

Истборн турнирінің ресми сайты хабарлағандай, Қазақстан құрамасының көшбасшысы негізгі турнирлік сетканың матчтары басталардан бірнеше сағат бұрын өз өтінішін кері қайтарып алған. Оның орнына жарысқа АҚШ өкілі, лаки-лузер Дженсон Бруксби қатысады.

Бублик 2025 жылғы "Уимблдон" турнирінің негізгі сеткасында 28-нөмірмен тіркеліп отыр.

Қазір әлемдік рейтингінің жоғары сатысында тұрған көп ойыншы Бубликпен алғашқы айналымда ойнағысы келмейді – себебі Александр қазір мықты формада.

Бірнеше күн бұрын бұл жағдайға әзілмен Ресейдің бірінші ракеткасы Даниил Медведев те пікір білдірді:

"Командаңды жеңісімен құттықтаймын. "Уимблдонда" сенсация жасайсың деп үміттенемін. Бірақ менің сеткамның бөлігіне түспесең екен. Үшінші не төртінші айналымда Алькарас не Синнермен ойнағаның дұрыс болар еді", - деді Медведев.

Ол мұны әзілдеп айтты ма, шынымен солай ойлады ма – белгісіз. Бірақ қазір Бублик әлемдік ТОП ойыншылардың өзіне лайық қарсылық көрсете алады.

Бұл сөзге Галле турниріндегі нәтижесі дәлел:

Александр Бублик бұл турнирде мына мықтыларды жеңді:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан