Қазақстандық гимнаст Румыниядағы Challenge Cup кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы Румынияның Клуж-Напока қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы таспамен орындалатын жаттығуда төртінші нәтижені көрсетті. Финалда Айбота 26,850 ұпай жинады.

Бұл жаттығу түрінде алтын жүлдені Украина өкілі Таисия Онофрийчук жеңіп алды – 29,050 ұпай.

Күміс жүлде америкалық Рин Кизге бұйырды – 28,050 ұпай. Ал қола медальді Израиль гимнасты Мейталь Мааян Сумкин иеленді – 27,650 ұпай.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін