Қазақстандық жеңіл атлеттер Ташкенттегі турнирде төрт алтын медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Ташкентте (Өзбекстан) өткен Silk Road to Tokyo WA Continental Tour Bronze халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз төрт алтын медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Артур Гафнер (найза лақтыру) иеленді. Одан бөлек жерлестеріміз әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада (Александра Залюбовская, Аделина Земс, Виктория Ан, Ирина Конищева) және аралас 4×400 метрлік эстафетада (Алмат Төлебаев, Аделина мен Виталий Земс және Александра Залюбовская) алтын медальға ие болды.

Күміс жүлдегер атанғандар: Александра Залюбовская (400 метрге жүгіру), Кристина Ермола (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алмат Төлебаев (100 метрге жүгіру), Ирина Конищева (жетісайыс).

Қола медаль иегерлері: Виктория Ан (200 метрге жүгіру) және Виталий Земс (100 метрге жүгіру).


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі