Ғұсман Қырғызбаев Азиада-2026-да бесінші орын алды

Ғұсман Қырғызбаев Азиада-2026-да бесінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 23:05 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бесінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

66 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Қытай өкілі Сюэ Цзыянмен кездесті. Белдесудің нәтижесінде қытайлық дзюдошы жеңіске жетті.

Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев Азиада-2026-дағы жарысын бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Сметов (60 келіге дейін) пен Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: