Жеңіл атлет Алина Чистякова Азиада-2026-да жетісайыстан қола медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Алина Чистякова Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы жетісайыстың қорытындысы бойынша 5 568 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Бірінші орынды 5920 ұпай жинаған жапониялық Юри Танака иеленді. Тағы бір жапониялық жеңіл атлет Нанака Кадзики 5673 ұпаймен күміс медальға қол жеткізді.
Айта кетейік, Чистякова бұған дейін 2026 жылы жабық ғимараттағы Азия чемпионатында бессайыстан 4181 ұпай жинап, чемпион атанған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript