Гимнаст Милад Карими Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Гимнаст Милад Карими Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 17:35 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз кермедегі жаттығудың финалында сынға түсті.

Милад ақтық бәсекеде төрешілердің шешімімен 13.666 ұпай еншілеп, төртінші орынға ие болды.

Қытайлық Тянь Хао алтын жүлдегер атанды – 14.700. Жапониялық Синноскэ Ока күміс медальға ие болды – 14.033. Ал Карлос Юло (Филиппин) үздік үштікті түйіндеді – 13.666.

Айта кетейік, Милад Карими бұған дейін еркін жаттығулардың финалында күміс жүлде алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: