Алматының Орталық стадионында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының гимні шырқалды

Сурет: Zakon.kz
26 тамызда Алматының басты спорт аренасы мен оның жанкүйерлері көптен күткен УЕФА Чемпиондар лигасының гимнін тыңдады. Әнұран "Қайрат" (Қазақстан) пен "Селтик" (Шотландия) арасындағы плей-офф кезеңіндегі матч алдында орындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропаның ең беделді клубтық турнирі басталар алдында дәстүрлі түрде шырқалатын бұл әйгілі әуен енді Алматыда да орындалды. Өткен ғасырда салынған қаламыздың Орталық стадионы жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлаған бұл тарихи сәттің куәсі болды

Қазіргі уақытта "Қайрат" пен "Селтик" арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама беретін матч қызу жүріп жатыр.

Ойынға бір сағат қалғанда командалар өз құрамдарын жариялаған.

Кездесуді италиялық төрешілер бригадасы басқаруда, бас төреші – Маурицио Мариани.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Денсаулық сақтау министрлігі аттестациядан өте алмаған бас дәрігерлерді атады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды