Рыбакина – барлық "Үлкен дулыға" турнирінде жеке сында 1/8 финалға шыққан алғашқы қазақстандық теннисші

Сурет: instagram.com/wta
Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина АҚШ-тың Ашық чемпионаты – 2025 жарысының төртінші кезеңіне шықты. Үшінші айналымда қазақстандық теннисші US Open-2021 жеңімпазы, Ұлыбритания өкілі Эмма Радукануды (WTA рейтингінде – 36) 6:1, 6:2 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалға жолдама үшін Елена Рыбакина Чехия теннисшісі Маркета Вондроушовамен кездеседі.

Осылайша, Елена Рыбакина әйелдер арасындағы жеке сында төрт "Үлкен дулыға" турнирінің бәрінде де 1/8 финалға шыққан Қазақстан атынан өнер көрсеткен алғашқы теннисші атанды.

Australian Open жарысында оның үздік нәтижесі – финал (2023), "Ролан Гаррос" турнирінде – ширек финал (2021, 2024), ал Уимблдонда – чемпион (2022).

"Өз ойынымды өте жақсы бағалаймын. Эммаға қарсы ойнау әрдайым оңай емес. Кейде есеп оны көрсетпейді, бірақ ол өте мықты қарсылас. Бүгінгі ойыным көңілімнен шықты. Келесі матчты асыға күтіп жүрмін". Елена Рыбакина

Ол сонымен US Open жарысында алғаш рет 1/8 финалға өткеніне қатысты пікір білдірді.

"Осы жылдар бойы US Open мен үшін сәтсіз өтіп келген еді. Биыл бәрі өзгереді деп сенемін. Қазір келесі кезеңге өткеніме қатты қуаныштымын, әрі қарай да мүмкіндігінше ұзаққа барғым келеді. Қолдауларыңызға рақмет", - деді Рыбакина матчтан кейінгі корттағы сұхбатында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты