Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатында топ жарды

Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова қарсылас шақ келтірмеді. 

Отандасымыз ақтық сында түркиялық Бусе Наз Чакыроглумен кездесті.

Тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша Алуа Балқыбекова екі дүркін әлем чемпионы атанды. Қорытынды есеп: 5:0.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды