Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан АҚШ құрамасына жол берді

Сурет: ktf.kz
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан – АҚШ матчы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы әрі шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваға сенім артты. АҚШ әлемнің жұптық сындағы бірінші ракеткасы Тейлор Таунсенд пен Джессика Пегуланы шығарды.

Бастапқы партияда қос брейкке қол жеткізген америкалық дуэт басымдылық танытты – 6:2.

Екінші сетте қазақстандықтар 4:1 есебімен алға кеткенімен, Таунсенд – Пегула таразы басын теңестірді – 4:4.

Тай-брейкте америкалықтар күш алып кетті – 7:6 (7:1).

Осылайша, Қазақстан құрамасы командалық әлем чемпионатында 18 рет жеңімпаз атанған АҚШ-қа 1:2 есебімен есе жіберді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды