Темірлан Анарбековқа да жаңа көлік тарту етілді

Сурет: Instagram/narbekov_temirlan77
Қазақ футболының тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуына себепші - "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке елімізде сусын шығаратын танымал компания өкілі су жаңа автокөліктің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Instagram-да жарияланған видеодан мәлім болды.

"Ассалаумағалейкум, барша қазақ халқына! Көріп жатырмын, естіп жатырмын. Барлықтарыңызға алғысым шексіз! Нәтиже менің емес, бүкіл клубтың, бүкіл Қазақстанның көмегі деп ойлаймын. Сіздер де жанкүйер болсаңыздар, біз өзімізді одан да жақсы көрсетеміз бұйырса", – деді Темірлан Анарбеков.

Айта кетсек, Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ерекше көзге түсті. Ол кезде қақпашы "Селтиктің" пенальти сериясында үш доптың бетін қайтарып, қаһарман атанды. Алайда 14 қыркүйекте "Ақтөбемен" болған ойында, яғни Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі алдында Темірлан жағын сындырып алды. Сөйтіп оның орнына "Спортинг" пен "Реалға" қарсы ойындарда алматылық қақпаны 18 жасар Шерхан Қалмұрза қорғады. Ол да таяуда отандық кәсіпкер қолынан автокөлік кілтін алған болатын. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі