"Алагөзов емес". Бір кәсіпкер Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлады

Шерхан Қалмұрза, жаңа көлік, сыйлық, кәсіпкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 20:20 Сурет: видеодан алынды
Алматылық "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға кәсіпкер Ұлықбек Шарипов Exeed көлігін сыйға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі кәсіпкер Ұлықбек Шарипов 18 жастағы футболшыны анасымен бірге арнайы автосалонға шақырып, оған Exeed автокөлігін сыйлады.

Желідегі видеодан Шерханның басында тосылып қалғанын, одан кейін көлік кілтін алуға тартыншақтап, ұялып тұрған сәтін көруге болады.

"Сен, негізі жарадың. Бәрімізге тамаша эмоция сыйладың. Бұл біздің саған деген кішігірім сый-тартуымыз", - дейді кәсіпкер оны қолынан тартып.

Айта кетсек, жас қақпашы Чемпиондар лигасында мадридтік "Реалға" қарсы ойында тамаша өнер көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген болатын.

Бұған дейін кәсіпкер Тұрсын Алагөзов "Қайрат" "Реал Мадридті" ұтып кетсе, алматылық клубтың әр футболшысына автокөлік сыйлауды уәде еткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: