Instagram-дағы ишарат: "Реал" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қандай ақыл айтты

Шерхан Қалмұрза, Тибо Куртуа, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 18:55 Сурет: Instagram/kallmurza, Instagram/thibautcourtois
Бүгін, 2025 жылғы 1 қазанда "Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза "Реал Мадрид" және Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуаға желіде жүгініп, өз алғысын білдірді, бұған 33 жастағы бельгиялық лезде үн қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram парақшасында алматылық футбол клубының жас дарыны өзінің суретін жариялады, онда "Реал" клубының қақпашысы да бейнеленген.

"Ұлы адам. Тәжірибеңіз үшін рақмет, Тибо Куртуа", - деп жазды Шерхан ағылшынша сейсенбіде аталған сурет сипаттамасында.

Өз кезегінде Куртуа Қалмұрзаның бұл жазбасына бірден назар аударып, жауап та берді.

"Ынта-шынтаңмен ары қарай дайындала бер! Сәттілік!", деп жазды Тибо өз кезегінде.


Сурет: Instagram/kallmurza

Біз бұған дейін "Реал Мадридтің" қақпашысы Шерханмен бірге түскен суретін желіде жариялап, тіпті оның Instagram парақшасын да белгілеп қойғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: