Турнир үш күнге созылады. Медальдар балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында сарапқа салынады.
Сонымен қатар бағдарламаға FEI сынақтары енгізілген.
Айта кетейік, атпен мәнерлеп жүр - бұл жылқыны басқару өнері. Мұнда ырғақ, үйлесім, тепе-теңдік және орындау дәлдігі бағаланады. Сондықтан да оны жиі "жылқы үстіндегі балет" деп атайды.