Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында екінші қола медалін жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жүлдесін олжалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы медальді ерлер құрамасы еншіледі. Отандастарымыз 25 метрге тапаншамен ату бойынша командалық жарыста үшінші орын алды.

Жүлдегерлер қатарында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков бар.

Бірінші орынды Оңтүстік Корея иеленсе, Қытай екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында 50 метрге мылтықпен үш қалыптан ату бойынша командалық жарыста Александра Ле, Арина Малиновская және Елизавета Безрукова үшінші орын алған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін