18 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде бірден 241 сатыға жоғарылады

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 11-орында қалса, Александр Шевченко 96-дан 95-ке ауысты.

Дмитрий Попко 224-тен 223-ке көтерілсе, Тимофей Скатов 239-ға тұрақтады. Бейбіт Жұқаев 279-дан 280-ге, Михаил Кукушкин 294-тен 299-ға төмендеді.

Жаңартылған рейтингіде ерекше серпіліс жасаған қазақстандық теннисшінің бірі Денис Евсеев болды. Өткен аптада Исламабад (Пәкістан) челленджер турнирінің жартылай финалына дейін жеткен қазақстандық теннисші 404-тен бірден 371-ге шықты.

Монастирдегі (Тунис) жарыстың жартылай финалына дейін барған 18 жастағы Әмір Омарханов 241 сатыға жоғарылап, 1 100-ден 859-ға көтерілді. Григорий Ломакин де өз көрсеткішін жақсартып, 975-тен 961-ге ауысты.

Сондай-ақ 1 742-орынға жайғасқан 17 жастағы Заңғар Нұрланұлын да атап өтуге болады.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде бұрынғыша үздік бестікті түйіндеп тұр.

Юлия Путинцева 72-орында қалса, Аустралия ашық чемпионатына жолдама алған Зарина Дияс 283-тен 284-ке, Жібек Құламбаева 331-ден 334-ке түсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды