Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

Сурет: olympic.kz
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалда ел құрамасынан 54 келі салмақтағы Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Вячеслав Рогозинмен кездесті.

Алғашқы раундта төрешілердің екеуі Сәкеннің жеңісіне қолдаса, қалғаны ресейлік боксшының басым түскенін мойындады.

Екінші раундта ол қарсыласынан 5:0 есебімен жеңіске жетті. Соңғы раундта да Сәкен қарсыласынан күштірек болды. Осылайша, ол екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Ол қазірге дейін Факи Исса Факи (Танзания), Катего Кеорапетсе (Ботсвана), замбиялық Муенго Муале сияқты қарсыластарын жеңді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды