"Стэмфорд Бридж" стадионында есеп 7-минутта ашылды. Қонақтар сапынан қорғаушы Бен Уайт гол соқты. Екінші таймның басында Виктор Дьёкереш есепті екі есеге арттырды.
Дегенмен, арада көп өтпей челсилік Алехандро Гарначо есеп айырмасын қысқартты. Алайда арсеналдық Мартин Субименди қайтадан есептегі айырманы екі допқа жеткізді.
Кейінірек Алехандро Гарначо тағы бір допты дәл көздеді. Соған қарамастан, жеңіске жете алмады. Осылайша "Челси" өз алаңында 2:3 есебімен жеңілді.
"Қарсыласымыздың барлық қыры мықты болса да, сырт алаңда "Арсеналдың" көрсеткен ойынына қатты тәнтімін. Біз ойынды толық бақылауда ұстап, үш гол соқтық және тағы екі мүмкіндік болды – төртінші голды да соғуымыз мүмкін еді. Алаң иелерінің екінші добы ойынды сәл өзгертті, бірақ жалпы алғанда өте ризамын. Дегенмен бұдан да жақсы болуы мүмкін еді", – деді "Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета.
"Арсенал" мен "Челси" арасындағы қарымта матч 3 ақпанда өтеді.
Ал оған дейін, 28 қаңтарда, "Арсенал" УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің соңғы турында қазақстандық "Қайрат" командасымен ойнайды.