Александр Бублик Астанада бір жасқа толған баланың тұсауын кесті

Сурет: ktf.kz
Астанада Дэвис кубогының Қазақстан мен Монако арасындағы матчтың жеребесін тарту аясында турнирдің игі дәстүріне айналған командалардың бейресми кездесуі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, құрама капитандары құттықтау сөз сөйлеп, ал ойыншылар құрмет пен спорттық бірлік белгісі ретінде ескерткіш сыйлықтармен алмасты.

"Қонақтардың қазақ мәдениетімен танысуы іс-шараға ерекше екпін берді. Теннисшілер үшін ұлттық ойындар – асық ату мен ләңгі тебу ұйымдастырылды. Онда әр ойыншы тек бақылап қана қоймай, ұлттық ойындарда өзін сынап көріп, Қазақстанның мәдени мұрасымен жақындасуға мүмкіндік алды", - делінген хабарламада..

Александр Бубликтің қазақтың ең танымал дәстүрлерінің бірі – тұсау кесуге қатысуы іс-шараның шырқау шегіне айналды. Бұл бала бір жасқа толғанда жасалатын көне дәстүр: онда бүлдіршіннің өздігінен жүріп кетуі, жарқын болашаққа қарай қаз басуы үшін арнайы жіпті кеседі.

"Салт бойынша жіпті кесу құрметі қадір-қасиеті балаға жұғысты болсын деп өмірлік жолы үлгі саналатын адамға беріледі. Бұл шынайы да жан тебірентерлік сәт ұрпақтар сабақтастығының, дәстүрге құрмет пен шекара дегенді білмейтін және мәдениетті жақындастыратын спорттың біріктіруші күшінің жарқын көрінісіне айналды".Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды