УЕФА-ның жаңа президенті Қазақстанда сайланады

Сурет: Instagram/uefa
Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы 51-ші Конгресс 2027 жылғы 4 наурызда Астанада өтетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Sportarena.kz жазуынша, бұл шешім Бельгия астанасы Брюссельде өткен мерейтойлық 50-ші Конгресте жарияланған. Жиын жұмысына Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қатысты.

УЕФА Конгресі – еуропалық футболдың жоғары басқарушы органы. Ол жыл сайын 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдерін біріктіреді.


Конгресс аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданып, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты мәселелер қаралады, сондай-ақ УЕФА-ның басшылық органдары сайланады.

51-ші Конгресс сайлау форматында өтеді. Оның барысында УЕФА президенті және ұйымның Атқару комитетінің мүшелері сайланады. Осылайша, алдағы жылдардағы еуропалық футболдың даму бағытын айқындайтын маңызды шешімдер дәл Қазақстанда қабылданбақ.

Конгресті өткізу құқығы УЕФА-ға мүше елдерге футболды дамытуға қосқан үлесі мен сенім белгісі ретінде беріледі. Іс-шараны ұйымдастыру және өткізу шығындарын УЕФА өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.

Бұған дейін қазақстандық конькимен жүгіруші 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін