Юлия Галышева: Ең бастысы – жарақат алмай, жарысты толық аяқтадым

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Юлия Галышева Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында параллельді могулдан көрсеткен өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салайық, қазақстандық могулшы 1/8 финалға дейін жетіп, бұл кезеңде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жапониялық Хинако Томитаға есе жіберді.

"Бұл нәтижеге өзім ғана жауаптымын. Соңғы жарыста қателіктерге жол бердім. Дегенмен ең бастысы – жарақат алмай, жарыс жолын аяқтадым. Соған қарамастан, өз өнеріме көңілім толады.

Спорттағы жолым олжалы, белестерге толы болды. Жалпы есептегі бас жүлде ғана бұйырмады демесек, қалған жетістіктің бәрі бар. Олимпиада медалін иелендім. Иә, алтын емес. Бірақ жекелей могулда Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алу – кез келген спортшы үшін үлкен мәртебе. Маусым әлі аяқталған жоқ. Алда Әзербайжанда өтетін Әлем кубогы кезеңінде тағы да өнер көрсетеміз", – деді Юлия Галышева.

Айта кетейік, ол параллельді могул бәсекесінде әлемдік рейтингте 13-орынға тұрақтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін