Евгений Кошкин 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді

Сурет: olympic.kz
Конькимен жүгіруден Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Евгений Кошкин Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді.

Кошкин 500 метр қашықтықта ел намысын қорғады.

Отандасымыз 34.56 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, қорытынды есепте тоғызыншы орынға ие болды.

Джордан Штольц (АҚШ) Олимпиада чемпионы атанды. Ол 33.77 секунд уақыт көрсеткішімен Олимпиада рекордын жаңартты. Күміс жүлдені Йеннинг де Боо (Нидерланд) жеңіп алды – 33.88. Ал қола медаль Лоран Дюбрейге (Канада) бұйырды – 34.26.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда