Қазақстандық үш гимнаст Германиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Сурет: olympic.kz
Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда финалдық кезеңде Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов өнер көрсетеді.

Құрбанов іріктеуде 14,700 ұпай жинап, бесінші орын алса, Ыдрысов 14,566 ұпаймен алтыншы сатыға жайғасты.

Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 13,533 ұпай жинап, сегізінші орынмен финалға шықты.

Шешуші сайыстар 21 және 22 ақпанда өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу ұсынылды

Бейнеуде қара қоңыз қаптады

Берік Асылов еліміздің Бас прокуроры болып қайта тағайындалды

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады