Прагада өтетін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты: Қазақстаннан кімдер қатысады

Сурет: Instagram/jirenbayev_dias
24-29 наурыз аралығында Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) ұйымдастыратын әлем чемпионаты араға 33 жыл салып Прагаға қайта оралды. Бұған дейін бұл қалада дүбірлі дода 1962 және 1993 жылдары өткен.

"Жарысқа әлемнің 50 елінен 200-ге жуық үздік мәнерлеп сырғанаушы қатысады",- делінген ұйымдастырушылардың мәліметінде.

Чемпионат төрт бағдарлама бойынша өтеді:

Қазақстан атынан кімдер барады?

Қазақстан құрамасы сапында:

Қалған екі бағдарламада (жұптық сырғанау мен мұздағы би) Қазақстан спортшылары тіркелмеген.

Көпшілікті таңғалдырған жайт – 2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әлем чемпионатына қатыспауы. Оның орнына Диас Жиренбаев өтінімге енгізілген. Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Жиренбаев бұған дейін Бейжіңде өткен іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын ала алмаған. Ол 189.14 ұпай жинап, 14-орынға тұрақтаған. Ал Олимпиада-2026-ға тек үздік бес спортшы ғана жолдама алған.

Әлемдік жұлдыздар да мұзға шығады

АҚШ құрамасы сапындағы әйгілі үштік те өнер көрсетеді:

Сарапшылардың пікірінше, жанкүйерлердің басты назары екі спортшыға ауады:

Шайдоров Алматыдағы шоуға да қатыспайды

Сонымен қатар, Михаил Шайдоров 5 сәуір күні Алматыда өтеді деп жоспарланған мұз шоуына да қатыспайтын болды. Ұйымдастырушылар әлеуметтік желідегі парақшасында:

"Өкінішке орай, күтпеген жағдайларға байланысты Михаил Шайдоров шараға қатыса алмайды. Біз оған алдағы спорттық жолында табыс тілейміз. Бағдарлама бұрынғыдай мазмұнды әрі әсерлі болады", – деп мәлімдеді.

Жаңартылған афишада Шайдоровтың орнына Софья Самоделкина енгізілген.

Осылайша, Прагадағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі