Қазақстандық шахматшы Үндістан мен Ресейде жеңіске жетті

Сурет: Instagram/alisher.suleymenov
Қазақстандық гроссмейстер Әлішер Сүлейменов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен Grand-Open Galeria 2026 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz басылымының Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, 17–25 ақпан аралығында өткен жарысқа 10 елден 48 шахматшы қатысқан. Олардың қатарында 17 гроссмейстер (GM) және 9 халықаралық шебер (IM) болды.

Бастапқы рейтингтік тізімде 2608 ұпайы бар, Венгрия атынан өнер көрсететін Санан Сюгиров көш бастап тұрған. Ал 25 жастағы қазақстандық гроссмейстер Әлішер Сүлейменов (рейтингі – 2500) жетінші орында тіркелген.

Турнир 9 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша, классикалық уақыт бақылауымен (90+30) өтті. Яғни әр партияға 90 минут беріліп, әр жүріске бірінші жүрістен бастап 30 секунд қосылып отырды.

Павлодарлық гроссмейстер жарыс барысында қатарынан үш жеңіске жетіп, турнир кестесінде алға шықты. Ол бұған дейін Қазақстанда өткен турнирлерге қатысқан Беларусь гроссмейстерлері Михаил Никитенко мен Алексей Александровпен бірге көш бастады.

Турнирлік перформансы 2591 ұпайды құраған Әлішер өз рейтингіне 11,3 ұпай қосты. Айта кетейік, ақпан айының басында ол Үндістанның Ченнай қаласында өткен турнирде де жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды