Римма Волосенко бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалына шыға алмады

Сурет: olympic.kz
Ұлан-Батырда (Моңғолия) бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы сапынан бір ғана спортшы рингке шықты.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Римма Волосенко турнирді 1/8 финалдан бастады. Алайда келесі кезеңге өте алмады.

Қазақстандық боксшы Үндістан өкілі Прияға есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін жүлде үшін күрестен Жәзира Орақбаева (51 келіге дейін) мен Элина Базарова (54 кг дейін) шығып қалған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда