Кадрларда экс ерлі-зайыптының 2016-2017 жылдардағы суреттері бейнеленген. Гүлайымның жазуынша, ол кезде ешқандай атақ та, миллиондаған ақша да болмаған.
Ол 2017 жылғы қыста, қаңтар айында спортшының алғаш рет аяғынан жарақат алып, Қарағанды облысындағы шет аудандардың бірінде дәрігердің қабылдауында болғанын жазды.
"Бірінші фотода 2017 жыл қаңтар айы алғаш рет аяғынан жарақат алып жаңа жылдан кейін МРТ түсіріп сонау Пришахтинск деген жақтағы ауруханадан келе жатқан кезіміз… аяғымыз ауырсада білмеймін мәзбіз) тізеге жетер жетпес қалың қар сол жылдары қыс қаттылау болды ма. Сол жарақаттан кейін біраз белестерді бағындырып аянбай еңбек етіп шыдамдылықтың арқасында жетті. Бізде бос уақыт деген болмайтын тұңғышымыз дүниеге келмей тұрыпта күнделікті режим қатаң ұстанамыз күнде 3 мезгіл жаттығу, үйдеда отыра алмайтын 20-30 мин болсада өзін әурелеп әйтеуір жаттығуы керек (фотодағы доп). Айтпағым Шавкат спорт үшін жаралған адам ондай адамдар мыңнан біреу болады. Әрине спорт денсаулық кепілі және табыс көзі егер нәтиже көрсетіп биіктен көрініп жүрсең неге табыс таппасқа?!",- деп жазды ол.
Тағы бір естеліктерінде ол демалыс күндері қазақша бірге үйренгендерін жазды. Енді бірде жанкүйерлеріне автограф беруге де дайындалғанын айтты.
"UFC-ге шығару бәріміздің арманымыз түпкі мақсатымыз еді. 2016 жылдан бастап екеуміз қатты армандайтын едік кәдімгідей жаз я қыс демей таңғы 5те тұрып аламыз. Ол жүгіріп кетеді мен таңғы ас дайындап аптаның бірінші күнін осылай бастаймыз ал демалған күндері қазақша жазып оқимыз (ол өзбекстанда туылып өскен соң өзбекше оқыған) сосын о,ө,ң әріптеріне келгенде ұрысып қаламыз, бірақ жалғастырып оқимыз. Одан қалды UFC-ге автограф (қол қою) қоюға жаттығамыз ертең фанаттарың көп болады солар сұрайды сонда әдемі қоюың керек деп. Бізде бос уақыт деген болмайтын…". Гүлайым Рахмонова
Алайда, бақытты сәттерден бөлек, отбасындағы ыдыс-аяқ сылдыраған күндер де болғанын жасырмады.
"Кейін тұңғышымыз өмірге келді, Шавкат осы үлкен қызын ерекше жақсы көреді. Үй, спорт, отбасы деп осылай тынбас еңбектің арқасында қазір бәрінің жағдайын жасап бір елдің азаматы болып отыр. Қызық… уақыт өте келе осының бәрін естен шығара салу немесе ойға алмау мүмкін бе? Бұл кездері оның жақындарына жақсы келін жақсы жеңге едім. Ал қазір сол адамдар түрлі пікірлер жазып, одан қалды барынша Шавкатты маған қарсы қойып жаман көрсетіп әлек… Ешқандай өкініш жоқ тек бір әттеген-ай бар. Мен көз жасымды көл қылып немесе өзімді жақсы болмаса аянышты көрсеткісі келетін адамдардың қатарына жатқызбаймын шүкір оған санам жетеді. Бірақ осынша жыл өмірдің ішінде меніңде зор еңбегім бар оны ешкімге таптатпаймын. Уақыт келеді бәрі ретімен өз іс-әркетіне жауап береді",- деп аяқтады жазбасын.
Бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкаттан ажырасып кеткенін және оның балалардан бас тартқанын мәлімдеген.