Қазақстандық ауыр атлеттер Мысырдағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы халықаралық додада бес медаль жеңіп алды. Барлық жүлде 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде олжаланды.

Жұлқа көтеру сайысында Әлихан Әскербай 161 келіні бағындырып, күміс медаль иеленді. Ал серпе көтеруде Ерасыл Сәулебеков 199 келімен топ жарды. Бұл жаттығуда Әскербай 194 келіні көтеріп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Қос спортшы қоссайыс қорытындысында да үздіктер қатарынан көрінді. Ерасыл Сәулебеков 356 келі нәтижемен күміс медаль алса, Әлихан Әскербай 355 келімен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде 131 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды