Дзюдошы Ғалия Тынбаева Испаниядағы ірі халықаралық турнирде бақ сынайды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы дзюдодан Испанияның Бенидорм қаласында өтетін European Open халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметіне сәйкес, ұлттық құрама сапына 16 спортшы енді. Олардың қатарында Астанада өткен Grand Slam турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Ғалия Тынбаева да бар. Ол 2025 жылдан бері алғаш рет татамиге оралмақ.

Ерлер

60 келіге дейін: Айдар Қарғұлов, Асылхан Зинуллин, Нұрдәулет Мейрамбеков66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Ақжігіт Насыр, Нұрмұхамед Ботабай73 келіге дейін: Бақытжан Әбдірахманов, Дастан Шаяхметов81 келіге дейін: Айғали Қалдыбек100 келіге дейін: Әділет Сапарғалиев100 келіден жоғары: Мәди Еділбаев

Әйелдер

48 келіге дейін: Ғалия Тынбаева, Зарина Хуснадин57 келіге дейін: Ботагөз Әділханова, Іңкәр Төлепбергенова63 келіге дейін: Ханзада Қайратова

Турнир 16-17 мамыр күндері өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін