Junior Billie Jean King Cup: Қазақстан мен Үндістан аймақтың үздік жетілігіне таласады

Сурет: ktf.kz
Шымкентте өтіп жатқан 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Билли Джин Кинг кубогының аймақтық іріктеу кезеңі (Азия/Мұхит жағалауы) мәресіне жақындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5-8 орындар үшін таласқа түскен Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында Қытай командасына 1:2 есебімен жол берді.

Жерлестеріміз серияны сәтті бастағанымен, жалпы есепте басымдықты сақтап қала алмады:

Алғашқы жекелей сында Тамина Сәкен Цзиньлин Шиді 6:4, 6:4 есебімен сенімді жеңіп, құрамамызды алға шығарды.

Екінші матчта Каролина Лигай мен Шан Фанъюй арасында тартысты бәсеке өтіп, 2:6, 5:7 есебімен қарсылас жеңіске жетті.

Кездесу тағдыры жұптық сында шешілді. Мәриям Нұржан мен Тамина Сәкен дуэті Шан Фанъюй / Сунь Цзяи жұбына қарсы тұрды. Өкінішке қарай, бұл матч 2:6, 5:7 есебімен аяқталып, жалпы жеңіс Қытай құрамасының еншісіне кетті.

Ертең, турнирдің қорытынды күнінде Қазақстан құрамасы 7-8 орындарды сарапқа салу үшін Үндістан командасымен кездеседі.

Ал іріктеу кезеңінің бас жүлдесіне Жапония мен Оңтүстік Корея құрамалары таласады. Үшінші орын үшін Тайбэй мен Австралия өзара мықтыны анықтайды. Айта кетейік, жартылай финалға шыққан осы төрт команда күзде Чехияда өтетін әлем чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алып қойды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі