Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды

Сурет: Getty Images
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Эвелина Ежова Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. Финалда Эвелина Ежова 12,850 ұпай жинады.

Екінші орынды хорватиялық Тина Зельчич (12,650) иеленсе, өзбекстандық Дилдора Арипова (12,450) қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, 24 мамыр күні Дияс Тойшыбек кермедегі жаттығуда күміс медаль еншіледі. Ал Алтынхан Темірбек қол тіреп секіру бағдарламасында үшінші орын алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Эмиль Ахмеджанов еркін жаттығуда топ жарса, Дияс Тойшыбек ат снарядындағы жаттығуда қола медаль иеленген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін