қазақстандық гимнастар Азия чемпионатына дайындықты Қытай құрамасымен бірге бастады

Сурет: olympic.kz
Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан 2026 жылғы Азия чемпионатына дайындық жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда команда Қытайдың Бейжің қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі саналатын Қытай командасымен бірге жаттығуда. Бас бапкер Александр Кимнің айтуынша, бұл жиын қазақстандық гимнастардың мықты спортшылармен бірге жаттығып, тәжірибе жинауына әрі шеберлігін шыңдауына сеп болады.

"Бұл жиынның басты ерекшелігі – оның әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі саналатын Қытай командасымен бірге өтуінде. Олардың сапында Олимпиада чемпиондары, әлем чемпионатының жеңімпаздары және көптеген көшбасшы спортшылар бар. Солардың қатарында қоссырықтағы жаттығудан екі дүркін Олимпиада чемпионы Цзоу Цзинюань да дайындалып жатыр.

Біз үшін әлемнің үздік гимнастарының жанында жаттығып, тәжірибе жинақтауға, жаңа әдістерді үйренуге әрі өз деңгейімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік туып отыр. Мұндай бірлескен жаттығулар спортшыларымыздың дамуы үшін өте маңызды.

Айта кету керек, қытайлық гимнастар басқа елдердің ұлттық құрамаларымен өте сирек бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Оның үстіне, жаттығу залына кіру мүмкіндігі көбіне тек Қытай құрамасының өкілдеріне ғана беріледі. Сондықтан осындай жиынды ұйымдастыруға мүмкіндік жасап, сәтті келіссөз жүргізген федерацияға алғысымызды білдіреміз.

Мұнда дайындыққа барлық жағдай жасалған. Бізбен бірге жаттығып жатқан спортшылардың деңгейі де ерекше мотивация беріп, ілгері жылжуға көмектеседі. Бұл тәжірибе Азия чемпионатына дайындықтағы маңызды кезеңдердің бірі болады деп сенемін", – деді Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Александр Ким.

Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 18-21 маусым аралығында Қытайдың Цзуньи қаласында өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандық балаларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту қаншалықты өзекті екеніне тоқталды

Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны – бала: балаларды қорғау күніне арналған соңғы деректер

Қазақстаннан бензин мен дизельді мыңдаған партиямен заңсыз шығаруға тырысқан: ҰҚК дерегі

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: қаза тапқан жүргізушінің әпкесі сотта мәлімдеме жасады