"Екеуі де студент". Ғылым министрі АҚШ-та алтын медаль еншілеген қос қазақ балуанын құттықтады

Балуан, АҚШ, Айбек Айтбеков, Юсуф Ашрапов, алтын медаль, ҚазҰУ, ТарМУ, студент, Саясат Нұрбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 21:56 Сурет: Facebook/Sayasat Nurbek
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашраповты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы министр 2026 жылы 14 қазанда Facebook-тегі парақшасында жазды:

"АҚШ төрінде көк туымыз желбіреді! Бір әлемдік додада екі бірдей балуанымыз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның мерейін асырды! Айбек Айтбеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алса, Юсуф Ашрапов М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті. Қос чемпион ел намысын абыроймен қорғады".

Министр Мағжан Жұмабаевтың "Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты"деген жыр жолдары осындай жастарға арналғанын, ақынның "Мен жастарға сенемін!" деген сөзі Юсуф пен Айбек секілді өрендердің жеңісімен үндесіп тұрғанын жеткізді.

"Жеңіс тұғырындағы чемпионға қарап, спортқа қадам басатын студенттер көбейсін. Қазақстандық жастардың есімі ғылымда да, білімде де, спортта да таныла берсін! Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбековті, олардың жаттықтырушыларын және жақындарын әлем чемпионатындағы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын! Алтын медальдарың құтты болсын, жігіттер! Көк туымызды әлі талай әлемдік додада желбірете беріңдер", деп жазды Саясат Нұрбек желіде.

Айта кетсек, 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Юсуф Ашрапов жарыс кезеңдерінен сенімді өтіп, финалда Армения өкілі Гаспар Тертерянмен кездесті. Ал жартылай финалда Айбек украиналық балуан Евген Поковбаны 5:4 есебімен жеңсе, шешуші белдесуде әзербайжандық Эльмир Алиевтен 13:4 есебімен басым түсті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: