Жұптық сындағы финалда Жібек Құламбаева венгриялық Амарисса Тотпен бірге Польша өкілі Вероника Фальковска мен испаниялық Георгина Гарсия-Перес жұбына есе жіберді.
Кездесу еуропалық жұптың пайдасына 6:3, 5:7, 11:9 есебімен аяқталды.
Қазақстандық-венгриялық жұп алғашқы сетті сенімді түрде өз пайдасына шешкенімен, қарсыластары екінші партияда ойын тізгінін қолға алды. Чемпион тағдыры шешуші тай-брейкте анықталып, онда Фальковска мен Гарсия-Перес басым түсті.
Егер Құламбаева жеңіске жеткенде, бұл оның жұптық сындағы мансабындағы 41-ші ITF титулы әрі биылғы маусымдағы бесінші чемпиондығы болар еді.