Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы Уимблдон турнирінде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 50-ракеткасы, америкалық Кэти Макналимен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның сенімді жеңісімен аяқталды – 6:1, 6:2.

Теннисшілер кортта 1 сағат 11 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бір эйс жасап, үш қос қателікке жол берді және 10 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Енді үшінші айналымда Рыбакина әлемнің 25-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін