Конькиші Кристина Шумекова Жапониядағы әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке кірді

Конькиші Кристина Шумекова Жапониядағы әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке кірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 23:01 Сурет: olympic.kz
Жапонияның Обихиро қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова 1000 метр қашықтықта бесінші орын алды.

Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 1 минут 15,38 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған Нидерланд өкілі Ангел Далеманнан 1,68 секундқа қалып қойды.

Екінші орынды тағы бір нидерландтық Изабель Гревелт (1:14.66) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (1:14.80) түйіндеді.

Еске салайық, Қытайдың Бейжің қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде Кристина Шумекова осы қашықтықта күміс медаль жеңіп алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: