U23 Азия чемпионаты: бес қазақстандық боксшы жартылай финалға өтті

Сурет: olympic.kz
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 10 шілдеде U23 санатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде бес отандасымыз жартылай финалға жолдама алды.

Аман Қонысбек (75 келіге дейін) өз жекпе-жегінде техникалық нокаутпен басым түсті.

Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін), Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (85 келіге дейін) төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ал Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Асылхан Көшербай (65 келіге дейін) жарысты ширек финалдан аяқтады.

Айта кетейік, жартылай финалдық жекпе-жектер 12 шілдеде өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін