Ұлттық құраманың шабуылшысы "Ақтөбе" клубының қатарына қосылды

Сурет: Instagram/fcaktobe_official
Соңғы уақытта Батыс Қазақстандық "Ақтөбе" футбол клубы өз қатарына танымал ойыншыларды жинап, жанкүйерлер арасында қазақстандық "Реалға" баланып жүр. 14 шілдеде құрама тағы екі жаңа ойыншысын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 жастағы шабуылшы Абат Айымбетовтың есімі ақтөбелік жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол бұған дейін де "қызыл-ақтардың" намысын қорғаған болатын. Ол араға жеті жыл салып құрама сапына қайта оралды.

Осы уақыт аралығында Абат "Қайрат", "Астана", Ресейдің "Крылья Советов", Түркияның "Адана Демирспор" және Румынияның "Петролул" клубтарында өнер көрсетті.

Клубтық мансабынан бөлек, шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасының сапында да өзін жақсы қырынан танытып, халықаралық кездесулерде бірнеше маңызды голдың авторы атанды.

Сонымен қатар, кеше "Ақтөбе" сапын тағы бір жаңа ойыншы – 29 жастағы бельгиялық қорғаушы Сенна Малик Мианг толықтырды. Бойы 192 сантиметр болатын футболшы қорғаныстың бірнеше позициясында бірдей ойнай алады.

Мианг жас кезінде италиялық бапкерлердің назарына ілігіп, Миландағы "Интер" академиясына шақырылған. Кейін дәл осы клуб сапында Италияның А сериясында дебют жасап, одан әрі "Кальяриге" ауысқан.

Сондай-ақ Сенна Бельгияның "Стандард", "Серкль Брюгге", "Эйпен" клубтарында, Венгрияның "Дьёр" командасында өнер көрсеткен.

Қазір Қазақстан Премьер-лигасының деңгейімен салыстырғанда "Ақтөбенің" құрамы шынымен де жұлдызды командаға айналды. Теория жүзінде олар кез келген қарсыласқа лайықты қарсылық көрсете алады. Алайда мұның бәрі әзірге қағаз жүзіндегі болжам ғана. Команданың шынайы әлеуеті алдағы ойындарда белгілі болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін