"Астана" баскетбол клубы жабыла ма? Комитет мәлімдеме жасады

Сурет: pixabay
"Астана" баскетбол клубының қызметін тоқтататыны туралы ақпаратқа қатысты Спорт комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет мәліметінше, кейінгі жылдары клубтың халықаралық аренадағы нәтижелері қойылған міндеттер мен күтілген көрсеткіштерге сай болмаған.

Өткен маусымда "Астана" ВТБ Бірыңғай лигасында 12-орынға тұрақтады. Команда 44 матчтың тек екеуінде жеңіске жетіп, жеңіліс көрсеткіші 95 пайыздан асты. Бұл клубтың аталған турнирдегі ең нашар нәтижесі болды. Сонымен қатар, "Астана" соңғы сегіз жыл бойы ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмаған.

Қазақстандағы жарыстарда да команда күткен нәтижеге қол жеткізе алмады. "Астана" Қазақстан Кубогы үшін бәсекеде жеңіліп, Ұлттық лиганың чемпионы атана алмады.

Комитет бұл шешімді спорт саласын қаржыландыру тәсілдерін қайта қараумен байланыстырып отыр. Өткен жылы қабылданған заң ұлттық құрамаларды дамытуға басымдық беріп, спорт резервін қалыптастыруды көздейді. Сонымен бірге бюджет қаражаты есебінен легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынған.

Қазір отандық баскетболды дамыту тәсілдерін қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі басымдық жастар командаларын дамытуға, сапалы спорт резервін қалыптастыруға және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға берілмек.

Осылайша, "Астана" клубының қазіргі форматы мен болашағына қатысты өзгерістер күн тәртібінде тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты