Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Сурет: olympic.kz
АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының өкілдері екі ұлттық рекорд жаңартып, екі финалға жолдама алды.

Қыздар арасындағы сырықпен секіру сайысында Анна Черкашина іріктеу кезеңінде 4,10 метр нәтижесін көрсетіп, U20 санатындағы Қазақстанның рекордын жаңартты.

Финалда спортшы бұл нәтижесін қайталап, қорытынды бойынша 11-орынға ие болды.

Әлем чемпионатында диск лақтырудан сынға түскен Максим Сажнев те іріктеу кезеңінде 61,37 метр нәтижемен Қазақстанның U20 санатындағы рекордын жаңартты.

Финалдық сайыста спортшы 59,85 метр нәтиже көрсетіп, жарысты 11-орынмен аяқтады.

Қазақстандықтардың басқа дисциплиналардағы нәтижелері:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін