Бүгін "Қайрат" клубы "Левски" командасымен кездеседі

Сурет: Instagram/f.c.kairat
Бүгін, 11 тамызда УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында алматылық "Қайрат" Софияның "Левски" клубын Түркістандағы "Түркістан Арена" стадионында қабылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Матчты "Qazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Кездесудің бас төрешісі болып Германиядан келген 42 жастағы Даниэль Зиберт тағайындалды.

Зиберт 2015 жылдан бері ФИФА төрешісі атанып, осы уақытқа дейін бірнеше маңызды матчқа қазылық еткен.

Сурет: QAZSPORTTV

Бұған дейін ол еурокубоктардың іріктеу кезеңінде қазақстандық командалардың қатысуымен ("Астана", "Қызылжар) өткен екі матчта төрешілік жасаған. Екі кездесу де Кипрдің АПОЭЛ клубына қарсы өткен.

Ал "Левски" ойыншыларына келсек, клубтың баспасөз қызметі команданың Қазақстанға келгенін әлеуметтік желілерде хабарлады. Болгариялық команда Түркістанға чартерлік рейспен жеткен. Ұшу шамамен алты сағатқа созылған.

"Міне, біз де келдік!" – деп жазды болгариялық клубтың ойыншылары Түркістаннан жариялаған видеоға.

"Қайрат" клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, матчтың билеттері толығымен сатылып кеткен.

Сурет: Telegram/FC Kairat Almaty

Еске салсақ, бұған дейін Болгарияда өткен кездесуде алматылық клуб алаң иелерінен 0:1 есебімен ұтылып қалған болатын.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мөлдір Әуелбекова жеті жастағы ұлының арманын орындады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды