Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы жапониялық Наоми Осакамен кездесті.

Үш сетке созылған тартысты матч Рыбакинаның 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 14 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Коко Гауффпен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Арнайы экономикалық аймақтарда жер бөлу тәртібі жаңарды

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

ҚазҰУ студенті өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпаратқа Алматы полициясы түсініктеме берді

Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады