Геннадий Головкин жаңа қызметке үміткер

Фото: X/GGGBoxing
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті қызметіне үміткерлердің ресми тізіміне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиадалық комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, оның кандидатурасы біліктілік және этикалық талаптарға сәйкес. Бұған дейін ол бірнеше қажетті тексерістен өткен.

"Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан 2026–2029 жылдарға ISSA Атқарушы комитетінің сайлауына кандидат ретінде тіркелді", — делінген хабарламада.

Жалпы Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерін біріктіреді.

Ал ISSA ұйымдастыруымен өтетін негізгі спорттық шаралардың бірі — Ислам ынтымақтастығы ойындары.

Сайлау 2026 жылғы 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, бұған дейін тоғыз қазақстандық Қытайда өтетін бессайыстан әлем чемпионатына қатысатыны белгілі болған.

Қазақстан
Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды

Шынар Ақпарова оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

"Басынан атқан". Қостанайда қызғаныштан ажырасып кеткен әйелін өлтірген ер адам сотталды