Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалында Ига Швентекке есе жіберді

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы хард турнирінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен өнер көрсеткен қазақстандық теннисші финалда әлемнің жетінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 2:6, 3:6 есебімен жеңілуімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 16 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бір эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді.

Айта кетейік, Рыбакина мансабында алғаш рет Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты. Бұған дейін оның бұл жарыстағы ең үздік нәтижесі ширек финал болатын. Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтегі қоржынына қосымша ұпай қосады.

Елена Рыбакина келесі кезекте АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирде бақ сынайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін