"Қайрат" пен "Ұлытау" 15 тамызда жабық режимде ойнайды

Сурет: instagram.com/fc_ulytau
15 тамыз күні сағат 18:00-де Т.С. Сегізбаев атындағы "Қайрат" футбол клубы академиясының алаңында Премьер-лиганың тоғызыншы турында алматылық "Қайрат" жезқазғандық "Ұлытауды" қабылдайды. Матч жабық режимде өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, ойын өтетін орынның өзгеруіне Орталық стадионда концерттен кейін жүргізіліп жатқан демонтаж жұмыстары себеп болған. Айта кетейік, Алматының Орталық стадионында өтуге тиіс америкалық рэпер Канье Уэстің концерті 15 тамызға шегерілген болатын.

Клубтың баспасөз қызметі ұйымдастырушылардың мәжбүрлі түрде жасаған хабарламасына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Біз кінәлі емеспіз", – деп атап өтті "Қайрат" футбол клубының өкілдері.

Сурет: Threads

Сонымен қатар клуб әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында "Қайрат" – "Ұлытау" матчы кезінде қолданыста болатын шектеулерді тағы бір еске салды.

"Инфрақұрылымдық шектеулер мен трибуналардың сыйымдылығы аз болғандықтан, матч жабық режимде өтеді", – деп ескертті сары-қара түсті клуб жанкүйерлеріне.

Сурет: Threads

Жанкүйерлердің наразылығы күшейгеннен кейін клубтың баспасөз қызметі жағдайға қатысты толық түсінік берді. Сондай-ақ түсініктемеден матчқа кімдердің қатыса алатыны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін