Күміс жүлдені Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов жеңіп алды.
Спортшылар аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада өнер көрсетіп, 248,1058 ұпай жинады.
Бірінші орынды 263,2992 ұпаймен Испания дуэті иеленді. Жапония құрамасы 246,9850 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатында Виктор Друзин техникалық бағдарламада үшінші орын алған болатын.