Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 23:57 Сурет: Қазақстан жазушылар одағы
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды Қазақстан жазушылар одағы естіртті.

Әшiрбаев Бекжан Төребекұлы 1974 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, "Ленин жолы" ұжымшарында дүниеге келген.

1996 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн үздiк бiтiрген. Сол жылдан берi аталмыш бiлiм ордасында қызмет атқарып келді. Журналистика саласында елеулі еңбек етті.

  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың республикаға тарайтын "Қазақ университетi" газетiнiң бас редакторы (2002-2006);
  • Республикалық "Azamat.kz" қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бiрiншi орынбасары (2005-2006);
  • Республикалық "Ел мен Жер" қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы (2006);
  • Республикалық "Жас қазақ үнi" газетi бас редакторының орынбасары (2007);
  • Қазақстан Жазушылар Одағына қарасты республикалық "Қазақ әдебиетi" газетi бас редакторының бiрiншi орынбасары тағы басқа қызметтерді атқарды.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесi. Республикалық "Қазақ әдебиетi", "Жұлдыз", Жас қазақ үнi", "Azamat.kz", "Парасат" басылымдарында топтама өлеңдерi жарияланды. 2008 жылы "Жазушы" баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрген "Қоңыр әуен" өлеңдер кітабының және өзге де жыр жинақтарының авторы.

Zakon.kz ұжымы марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: