Ақын, аудармашы Нұртас Исабаев дүниеден озды

Ақын, аудармашы Нұртас Исабаев дүниеден озды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2026 20:14 Сурет: ҚР Жазушылар одағы
Ақын, аудармашы, Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұртас Исабаев 72 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұртас Исабаев 1954 жылдың 13 қарашада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Ораз Жандосов қоры сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Мәдениет қайраткері" төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік стипендиясының иегері, "Құрмет" орденінің иегері.

Орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын аудандық газетте корректор болып бастаған. 1982 жылы Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтын тәмамдаған.

Нұртас Исабаевтың алғашқы жыр жинағы "Бастау" 1980 жылы жарық көрді. Кейін "Өмірді сүю" (1987), "Ұлылықпен сырласу" (1990), "Қимаймын сені" (1998), "Өмірге құштарлық" және басқа да поэзиялық кітаптары оқырманға жол тартты. Ақынның бірқатар өлеңдері "Разбег" атты орыс тіліндегі ұжымдық жинаққа енген. Сонымен қатар орыс ақыны Александр Твардовскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық аударма саласының дамуына үлкен үлес қосты.

Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы марқұмның жақындары мен туыстарына, барша оқырман қауымға қайғырып көңіл айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: